Шымкентте екі кештің ортасында автобус пен жеңіл көлік соғысып қалды. Оқиға кешкі сағат 7-лер шамасында Жангельдин және Айбергенов көшелерінің қиылысында болған, Мұнда № 40 бағыттағы жолаушылар автобусы мен Тойота РАВ-4 автокөлігі соғысы қалды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері тез арада жетті.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=vkF-5677jnM[/youtube]
Абырой болғанда жолаушылар мен жүргізушілердің ешқайсысы ауыр жарақат алған жоқ. Тек, автобус ішінде болған адамдардың бірі жеңіл жарақаттанды. Автобустың жүргізушісі бұл жол-көлік оқиғасына жеңіл көлікті басқарып отырған әйел кінәлі дейді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=CFONuX5Ur_U[/youtube]
Енді қай жүргізушінің кінәлі екенін жол-патрульдік полицияның анықтаушылары нақтылайтын болады.