Шымкентке соңғы екі күнде қардың бір айлық мөлшерінің жауғаны тұрғындарды титықтатыпты. Осы күндері қала әкімдігінің дистпечерлік бөліміне қала тұрғындарынан 65 арыз-шағым түскен.
Оның ең көбісі кешегі жауын-шашында жарықтың жиі сөнуіне қатысты. 4 арыз судың тасуына байланысты болыпты. Бүгін таңертең қар астында қалып, ауласынан шыға алмаған 5 тұрғын көшенің қардан тазаланбағанына ашынып, қоңырау шалған. Ал жылу беру бірқалыпты, тек үйішілік және жертөледегі құбырлардың жарылғыны туралы 5 оқиға тіркелген.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=3iBS6pPmjBc[/youtube]