Гимнастшылар суық залда жаттығып жүр

367
Осындай жағдайда да ел атын шығаратын спортшылар тәрбиеленуде

Оңтүстік Қазақстан облысының гимнастикадан олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің шәкірттері суық залда жаттығуда. Олар тоңбас үшін қалың киініп алу мәжбүр. Спорт залда жаттығатын гимнастшылар талап бойынша жеңіл киіммен шынығулары тиіс. Ал мұндағы спортшылар қалың киініп қана қоймай, тіпті, қолдарына қолғап та киіп алған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=GgA6F_B5JJo[/youtube]

Спорт залындағы ауа температурасы кемінде 15 градустан жоғары болуы тиіс. Ал бұл залдағы термометрдің көрсеткіші -10-12 градусты көрсетіп тұр. Дегенмен, спортқа шын ықыласымен берілген жасөспірімдер суыққа шыдап бағуда.

Балалар мен жасөспірімдер мектебінің шәкірттері
Жаураған қыздар қалың киінуге мәжбүр
Қолдарына қолғап киген
Сынап бағанасы
Болашақ чемпиондар, дегенмен, суыққа мойымайды