Зейне апайдың әлеуметтік жағдайы нашарлау. Сондықтан ол үкімет беретін тегін дәріге ғана емес, материалдық көмекке де зәру. Десе де оның басты мәселесі – баспалы болу.

Мүмкіндігі шектеулі азаматша ілгеріде тұрғын үй кезегіне тұрғанмын. Алайда, кейіннен тізімнен өзімді таппай қалдым. Сосын құжаттарды қайта тапсыруға тура келді дейді. Ал қалалық тұрғын үй, коммуналдық шарушылық бөлімінің мамандары мұрағаттан Зейнеп апайдың құжаттарын таппады. Яғни, бізде бұрын-соңды тіркелмеген деп отыр. Бұл хабар оған оңай тимегені анық.

fewwe

Ал мына сөйлеу және есту қабілетінен айрылған бір топ азаматтың іздегені – тұрақты жұмыс. Тіпті, құрылыс, жөндеу жұмыстары болса да жасай береміз дейді.

fghfg

Рахат Жақыпова, сурдо-аудармашы: «Пәтер жөндеу, евроүлгідегі жөндеу сияқты өздерінің қолынан келетін жұмыстар тауып берсе дейді. Бұдан бөлек тағы бірнеше саңырау кісілер бар.»

sss

Тұрар Құдайбергенов, ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары: «Біріншіден, жұмыс табу үшін бұл азаматтардың барлығы жұмыспен қамту орталығына барып, есепке тұруы керек. Биылдан бастап облыс әкімі арнайы ереже бекітуіне байланысты солай істеу қажет. Биыл облыс көлемінде жүретін құрылыс, толық жөндеу жұмыстарына қажет күштің 30-40 пайызын осы орталыққа тіркелген азаматтардан құрау көзделіп отыр.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=kbtm2iDsbVQ[/youtube]

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының жолдауында айтылған «Кедергісіз болашақ» жобасын іске асыру үшін ұйымдастырылған «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалындағы мүгедектерге арналған қоғамдық қабылдауға 15-ке жуық азамат келді. Мұндағы мақсат – қоғамымыздағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру. Негізінен баспана, жұмыс, дәрі-дәрмектен өзге емдеу-сауықтыру орталықтарына жолдама алу, медицина қызметкерлерінің әрекетсіздігі мәселелері қаралды. Сонымен қатар билік партиясы болашақта мүгедектерді аптаның әр сәрсенбісіне шақыруды жоспарлап отыр.