Мемлекеттік қызметкерлер ҚАЗТЕСТ жүйесінен өтуі керек

383
Балқия Көмекбаева

«Жасы 45-тен асқан азаматтың мемлекеттік тілді меңгеруі қажет емес.» Облысымыздағы тілдерді оқыту орталықтарының мамандары «3 тілді үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері» атты семинарда осылдай деп салды. Олардың ойы — орта жастан асқан азаматтардың қабылдау қабілеті бәсең, сондықтан оларға тіл үйрету мемлекет қаржысын босқа шығындау дегенге саяды.

Тіл оқыту орталықтарының мамандары бас қосты
Тіл оқыту орталықтарының мамандары бас қосты

Бұған қоса ұстаздар арнайы орталықтарда маман жетіспеушілігі мәселесін де айналып өткен жоқ. Айтуларынша, лингвистикалық орталықтарда тілдерді жетік білетін мамандар тапшы. Ал қуантарлығы — осыдан небәрі 3 жыл бұрын ғана өз қызметін бастаған орталықтардың көмегіне жүгінетін мемлекеттік қызметкерлердің саны артыпты. Бұл үшін олардың ыңғайына қарай сабақтың уақыты бекітіледі.

Балқия Көмекбаева
Балқия Көмекбаева

Балқия Көмекбаева, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы: «Біздегі мемлекеттік қызметкерлердің қатары артты. Себебі, қазір мемлекеттік қана емес, барлық мекеменің қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесінен өтуі керек. 2017 жылға қарай 80 пайыз, 2020 жылға қарай 95 пайыз маманның жаңағы ҚАЗТЕСТ жүйесінен өту міндеттеліп отыр.»

Қазіргі уақытта облыс аумағында 15 тілдерді оқыту орталығы қызмет етіп жатыр. Айта кетейік, бүгінде облыс тұрғындарының 60,7 пайызы — орыс тілін, 6,5 пайызы ағылшын тілін меңгерген. Ал мемлекеттік қызметкерлердің 96 пайызын қазақ, 4 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайтынын ескерсек, олардың 99 пайызы мемлекеттік тілде іс-қағаз жүргізе алады.