«Ордабасы» футболшыларын бір топ жанкүйер күтіп алды

322
Артем Касьяновтың клубтағы жағдайы әлі де өзгеріссіз, фото ғаламтордағы FanClub "Orda" қауымдастығынан алынған

20-қаңтар күні таңертең Шымкентке «Ордабасы» футбол командасы оралды. Виктор Пасулько бастаған бір топ ойыншыны Оңтүстіктің жанкүйерлері қарсы алды. Жерлестеріміз футболшылармен естелікке суретке түсіп, алдағы ел чемпионатынан үміт күтетіндерін жеткізді.

Жанкүйерлер мен футболшылардың кездесуі (фотосурет FanClub «Orda» қауымдастығынан алынған)

Есетеріңізде болса, ордабасылықтар алғашқы оқу-жаттығу жиынын Түркияның Белек қаласында өткізген болатын. Жерлестеріміз дайындық барысында төрт ойын өткізіп, «Аль Иттихад»-клубынан 1-6 есебімен жеңілсе, «Шанхай Шиньхуадан» басым түсті. Ал өзге екі командамен тең түсті. Клуб басшылығы бірқатар футболшылармен келісім-шартқа қол қойды.

Артем Касьяновтың клубтағы жағдайы әлі де өзгеріссіз