Шымкенттік жүргізушілердің құқығын қоғайтын қоғамдық ұйымның басшысы мен жол сақшыларының арасында талас туды. Жол сақшыларының жұмысын таспаға түсіріп, ғаламторға жариялап жүрген Денис Шевченконың өзі сондай бір роликтің басты кейіпкеріне айналып отыр. Оны өзі бейнекамераға түсіріп жүрген тәртіп сақшылары жариялаған. Енді қос тарап кімнің әрекеті заңды екенін анықтамақ.

Денис Шевченко көлігіне отыра салысымен дереу бейне-бақылау камерасын іске қосады. Қала көшелерін аралап жүріп, жол сақшыларының жұмысын камераға түсіріп, кейіннен желіге таратады.

Денис Шевченко, Шымкент қаласындағы автоәуесқойларға көмек қоғамының басшысы: «Полиция қызметкерлерінің жұмыстарын көріп жүріп, кәсіптік деңгейінің төмен екенін байқадым. Білім деңгейі де төмен. Мен инспекторларға әрдайым «Егер мен ереже бұзсам, заң шеңберінде әрекет жасайық» деп айтып жүремін. Хаттама толтыру керек екенін, кейін түсініспекшілік туған жағдайда олардың әректтеріне шағымдануға болатын жөнінде ескертем.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=z5Zy5g1zh3w[/youtube]

Негізінен, жол сақшыларының жұмысын таспаға түсіретін Денистің бұл әрекеті инспекторларға кедергі келтіреді екен. Қоғамдық ұйым өкілінің жұмысына сын айтқан жол-патрульдік полициясының өкілдері оның әрекеті заңсыз дейді.

Мұхтар Нұрбаев, ОҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы: «Өзіңіз ойланыңызшы, инспектор қызметте тұрғанда оны келіп шеттен белгісіз азамаат камераға түсіріп тұрса, дұрыс емес қой? Онымен қоймай, белсенділер бейнероликтерді интернетке таратады. Ол дегені – менің құқығымды таптағанмен бірдей. Ешкім менің рұқсатымсыз бейнероликті көпшіліктің назарына ұсына алмайды.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=6go-DcnkV2w[/youtube]

Осылайша йламаған жерден «ОСА» қоғамдық бірлестігінің белсендісі өзі кейіпкеріне айналды. Бұл бейне түсірілімнің авторы – полиция инспекторы.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5GijK263Qhg[/youtube]

Шымкенттегі тәуелсіз заңгерлер қос тараптың да әрекетін заңсыз деп отыр.

Дінмұхамед Қылышпаев, «Тәуелсіз аңгерлер» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы: «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 145-бабына сәйкес бейнеленген адамның келісімінсіз ешкім түсірілім жасай алмайды. Егер ол қайтыс болса, оның баласы немесе жұбайының келісімінсіз бейнетүсірілімді жариялауға, таратуға құқығы жоқ.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7nxdEgpGiAw[/youtube]

Осылайша екі жақтың арасында талас туындап отыр. Оның қалай шешілетінін алдағы уақыт көрсетеді.