Шымкенттегі қырғы базардың маңы жабай саудадан арылмай-ақ қойды. Ұзын-сонар сатушылар қатары Адырбеков көшесінің қиылысына дейін жеткен.
Бұл жерде сауда жасап отырғандардың басым көпшілігі қалаға жақын ауыл-аймақтардан келгендер. Олар базар ішіндегі орындардың ақысын төлей алмағандықтан, сауда нысанының сыртында отыруға мәжбүр екенін айтады.
Саудагер: «Аяғымды жайып,көрпешемді астыма салып отырайын енді… Салығы қанша екенің білесін бе? Мен ешкімге ештеңе төлемеймін. Неге төлеймін? — Базар басшыларымен меморандумға қол қойылған.Базар басшылары сіздерге орын беру керек. — Қайдағы орын?! Орын жоқ бізге!»
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=AY2ikG1VS8Q[/youtube]
Айта кету керек, Шымкент қаласының әкімдігі мен қырғы базар басшылығы меморандумға қол қойған. Келісім бойынша базар қатарларынан 6-7 әлеуметтік орын тегін бөлінген. Бірақ, саудагерлердің өздері бұл орындарға бармайтын көрінеді.
Есімхан Баубеков, «Қырғы базар» сауда орталығы директорының орынбасары: «Орын бергенбіз.Біразы екі-үш ай тұрған. Неге екенін білмеймін, біраз уақыт сауда жасайды да, содан кейін үндемей табаның жалтыратады. Өйткені, оларға мына жер ыңғайлы. Жолға барады да отыра салады.»
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=U8mmeJ6_BGI[/youtube]
Ал қалалық әкімшіліктің мамандары бұл ретсіз сауда орындары тек қала бюджетіне кесірін тигізіп қоймай, базар аумағының тазалығына, қала тұрғындарының базарға алаңсыз кіріп-шығуына кедергі жасайтынын айтады. Қала аумағында орын алған ретсіз саудамен күресу үшін 3 ауданда жасақталған арнайы жұмыс топтары үнемі жұмыс жүргізіп отырады.
Асқар Қаныбеков, Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы: «Бюджеттен қаншама миллион теңге бөлініп отырады. Осы кісілерден кейін қоқыс жинап жатырмыз. Ол дұрыс емес қой!»
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=f1abxV16yrI[/youtube]
Былтыр осындай топтардың жүргізген жұмыстарының қорытындысы бойынша 2500-ден аса хаттама толтырылып, 500-ден астам тұлғаға ескерту берілген. Соның нәтижесінде қала бюджетіне 3 миллион теңгеден астам қаржы өндіріліпті. Бірақ, баяғы жартас жол жартас күйінде қалуда.