Шымкентте оқыс оқиға орын алды. Күндізгі сағат 4 шамасында белгісіз біреулер Қытайда білім алатын 16 жасар жеткіншекке оқ атты. Оқиға Байтұрсынов көшесінің бойындағы «Шымкент» бизнес орталығының маңында болған.
Шолақ мылтықтан атылған оқ жеткіншектің мойынына тиіп, ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Мәліметтерге сай, жас баланың жағдайы мүшкіл. Қазіргі уақытта ота жасалуда. Шұғыл іздестіру барысында оқ атқан азамат та анықталды. Ол Шымкенттегі статистика және құқық колледжінің ІІІ курс студенті болып шықты. Алдын ала болжамға сәйкес, оқ атқан бозбала жәбірленушінің танысы болуы мүмкін. Ол мініп жүрген Тойота Карина автокөлігі «Спорт» шағынауданындағы үйлердің бірінің ауласынан табылды.