Қазақстандағы ұнның бағасы әр өңірде әртүрлі. Астанада жоғары сұрапты ұнның келісі 116 теңгеге сатылуда. Республика бойынша бұл — ең қымбат баға. Ал Шымкенттегі көтерме сауда орындарында сауда жасайтындар өзге өңірлерден келетін және өзімізде шығарылатын ұнның бағасы тұрақты дейді. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап ұнға баға өзгермеген.
Қуаныш Ибашев, сатушы: «Солтүстіктен келген ұнның басағы сол баяғы күйінде, өзгермеді. Қазір келісі орта есеппен 64 теңге. Әзірге қымбаттаған жоқ. Алайда қымбаттайды деген сыбыс бар.»
64 теңге — ол бірінші сұрыпты ұнның бағасы. «Қазагромаркетинг» АҚ-ның ОҚО филиалының мамандары соңғы аптада жүргізген мониторингінің нәтижесі де ұн бағасының Оңтүстікте қымбаттамағанын айтып отыр. Жалпы, азық-түлік тауарларының бағасы тиісті кестеге апта сайын енгізіледі. Онда қала базарындағы бағалар салыстырылады.
Нұрлан Есіркепов, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ ОҚОФ өкілі: «Ұнның бағасы өңірлерде саналуан. Бірақ, Шымкентте соңғы 3-4 айда ұнның басағы өзгерген жоқ, тұрақты. Республикада ұнның орта бағасы — 66 тенге. Осы баға Шымқалада сақталып тұр. Бұл ресми мәлімет.»
Айта кету керек, бірінші сұрыптағы ұнның бағасы Көкшетауда және Қызылордада арзан екен. Бір келісі 62 теңге төңірегінде. Алайда сатушылар ақпан айында ұнның бағасы көтерілуі мүмкін деп болжап отыр.