Созақтағы жедел басқару орталығы

Созақ ауданына іс-сапармен Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев келді. Ол аудандағы шағын жедел бақылау орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Теріскейде мұндай орталық тұңғыш рет іске қосылып отыр. Онда Шолаққорған елдімекенінде орнатылған бейне-бақылау камераларынан алынған мәліметтер өңделетін болады.

Созақтағы жедел басқару орталығы
Созақтағы жедел басқару орталығы

«Бұл өз кезегінде қылмыстың азаюына көмегін тигізеді» дейді тәртіп сақшылары. Осы орталықты салу үшін жергілікті қазынадан жеткілікті қаржы бөлінген. Бұл шағын жедел бақылау орталығы арқылы аудан орталығында болып жатқан жағдайды облыс орталығынан да бақылап отыруға мүмкіндік бар. Айта кету керек, Шолаққорған ауылында орнатылған бақылау қондырғыларының көмегімен осы күнге дейін жүздеген қылмыстың беті ашылыпты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9vWvII54_aw[/youtube]