Таяуда Сайрам ауданында бір отбасы уланып қалды. Жекеменшік үйдің ішіндегі адамдар тұтас иістеніп қалған. Оқиға Қарабастау ауылында орын алды. Табиғи газбен жылытылатын пештен ақау шығып, үй ішіне тараған көгілдір отын иісінен 5 адам уланып қалған.
Соның салдарынан ер азамат пен бір әйел адам сол жерде қаза болды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілген. Қазір дәрігерлер 17 жасар жеткіншек пен 20 және 25 жастағы екі бойжеткеннің жағдайын бір қалыпты деп отыр. Мамандардың айтуынша, қыс мезгілінде күн сайын кем дегенде 5 адам газбен уланып ауруханаға жеткізіледі екен.
Икрам Төлеев,жоғарғы қысымды оттегімен емдеу орталығының бас дәрігері: «Бес адам уланған, соның екеуі қайтыс болды. Қалған 3-уі бізге жеткізілген. Науқастарға алдын ала көмек көрсетіп, токскология бөліміне ауыстырдық.»