Театр жөнделмей тұр

Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры
Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының жөндеу жұмыстары былтыр аяқталмай қалды
Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының жөндеу жұмыстары былтыр аяқталмай қалды

Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының жөндеу жұмыстары былтыр аяқталмай қалды. Мәдениет ошағы басшыларының айтуынша, театрды қайта қалпына келтіру жұмыстары келер жылдың көктеміне шегеріліп отыр. Дегенмен, мердігерлер негізгі жұмыстарды аяқтағанын айта кету керек. Жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан бөлінген 200 миллион теңгенің 80 пайыздан астамы игеріліпті. Қалған қаржы келер жылға ауысатын болды. Естеріңізге сала кетейік, Жұмат Шанин атындағы облыстық драма театрының хасбетін жөндеу жұмыстары 2013 жылдың қазан айында басталып, кесте бойынша желтоқсанның 25-і күні аяқталуы керек болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Жұмат Шанин атындағы облыстық драма театрының хасбетін жөндеу жұмыстары 2013 жылдың қазан айында басталып, кесте бойынша желтоқсанның 25-і күні аяқталуы керек болатын
Естеріңізге сала кетейік, Жұмат Шанин атындағы облыстық драма театрының хасбетін жөндеу жұмыстары 2013 жылдың қазан айында басталып, кесте бойынша желтоқсанның 25-і күні аяқталуы керек болатын

Келер жылы Шымкентте мәдени нысандар қатары толыға түспек. Қалада жаңа театр, конгресс холл мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы басталып кетті. Жаңадан бой көтергелі отырған ғимараттардың құрылыс барысына облыс әкімі Асқар Мырзахметов Астанада өткен есеп беру жиынында да тоқталған. Оның айтуынша, Шымкент қаласының 364 га жер аумағында жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының құрылысы қызу жүргізілуде. «Орталық аумағында облыс әкімдігі ғимаратының, драма театрдың, конгресс холдың және бірнеше әлеуметтік нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Атап айтқанда, 6 білім беру нысаны, 11 балабақша, емхана, спорт кешені, сот ғимараты, тұрғын үйлер салынуда», – деді А.Мырзахметов. Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы үлкен, сұлу сәулет композициясы, керемет архитектуралық ансамбльдер деуге болады. Біз өз кезегімізде ОҚО құрылыс басқармасына хабарласып, орыс драма театрының құрылысы жайында сұрап білдік. Басқарма маманы Бағлан Күздеубаев театр құрылысының өндірістік кестеге сай жүргізіліп жатқанын алға тартты. Маманның сөзіне сенсек, ғимаратты келесі жылдың қараша айына дейін тапсыру көзделуде. Құрылысты жүргізу «Шымкент құрылыс» компаниясына жүктелген. Жер телімінің ауданы 2 гектар, ғимараттың жалпы ауданы 8 мың шаршы метрді алып жатыр. Театр 500 орынға есептелген.

Мақпал РЫСБАЕВА