Техникалық байқаудың жалған құжаттары анықталды

289

Шымкентте көліктерін техникалық байқаудан өткізгені туралы жалған құжаты бар 124 азамат анықталды. Бұл — көлік инспекциясы мен жол-патрульдік полициясының бірлескен рейдтік шарасында анықталған келеңсіздік.

 Сондай-ақ, жолаушы тасымалымен айналысатын 12 компания заңды өрескел бұзып, бағытқа артық көлік шығарған. Осыдан келіп жол бойындағы автобустардың жарысы туындайды дейді мамандар. Ондай мекеме басшыларына айып салынып, болашақта тендерге қатысуға тыйым салынған мекемелердің қара тізіміне ілікті.