«Туған өлке бояулары.» Көркемсурет галереясында ұйымдастырылған көрме осылай аталады. Экспозицияда суретші-ұстаз Серік Жорабеков және Сұлтан Жаңбыршиевтың 80-нен аса шығармасы қойылды. Арасында өңіріміздің өзіндік реңктегі табиғаты бейнеленген туындылар да бар.
Экспозиция Түркістанның жан-жақты көрінісі мен әртүрлі уақытта бейнеленген полотнолардан басталып тарих, портреттік және таулы пейзажбен жалғасады. Көрермен Оңтүстікке ғана тән реалисттік, импрессионистік бағыттардағы туындыларды тамашалап, бір сәттік рахатқа мүмкіндік алды.
Серік Жорабеков, суретші: «Менің ойымда бір-ақ нәрсе бар. Төрт қақпалы Түркістан қазақтың рухани астанасы. Бүкіл бабамыздың рухы сонда жатыр. Менің кіндік қаным тамған жер. Сондықтан мен Түркістанды жырлай беремін.»
Роза Кәдеева, көрермен: «Тау-тас пен табиғатты тамашалап, орманда жүргендей әсер алдық.»
Гауһар Тәжібекова, көрермен: «Өте керемет. Бояулардың бір-бірімен үндесуі көздің жауын алады. Шығарма алдында тұра бергің келеді.»
Қос автор орта және жоғарғы оқу орындарында бір топта оқыған. Өнерін ұстаздықпен ұштастырған қылқалам иелері «Мәңгілік ел» ұғымында өнердің де үлесі де аудай қажет. Сондықтан тамаша табиғатты қылқаламмен жеткізуде біз үшін парыз» дейді.
Айта кету керек, Сұлтан Жаңбыршиев өз шығармашылығын өнерсүйер қауымғаалғаш рет ұсынып отыр. Суретші жақын күндері бояуы кеппеген басқа да туындыларын Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Жетіасар» галереясына да тарту етпек. Ал көркемсурет галереясындағы «Туған өлке бояулары» көрмесі ақпан айында жұмыс істейді.