Сырты бүтін, іші.....

Осыдан жарты жыл бұрын пайдалануға берілген «Нұрсәт» шағынауданындағы 128 үйдің тұрғындары құрылысшыларға өкпесі қара қазандай. 9 қабатты үйде лифт істемейді, табиғи газ қосылмаған.

Сырты бүтін, іші.....
Сырты бүтін, іші…..

Көпқабатты үйдің жайымен оны салған мердігер «Шымкентстрой» мекемесі де таныс. Қалалық құрылыс бөліміндегілер тұрғындардың сын ескертпелері жақынарада реттеледі деп уәде берді. «Нұрсәт» шағынауданындағы №218 үйде былтыр ғана қоныс тойын тойлаған тұрғындар бүгін алаңдаулы. Аққыз Анартаева қызына қонаққа жиі келеді. Жаңа баспанадағы кемшіліктерді көргенде әжейдің көңілі құлазиды.

Аққыз Анартаева, қала тұрғыны: «Кеше шығып қарасам  ана  жерде су үйдің астына кетіп жатыр.Бұл құмды жер  деп әкем бұрын айтушы еді. Жиналған су үйдің  іргетасына зақым келтіреді, үй құлап қалады ма деп қорқамыз. Бұрын үйіміздің жер төлесіне су жиналып үйіміз құлаған».

Сапаға мән берілмеген
Сапаға мән берілмеген

9-қабатты үйдің тұрғындарының мұнан басқа да мұңы жетерлік.

Үйге кіре берістегі сызат
Үйге кіре берістегі сызат

Әсіресе жоғарғы қабатта тұратындарға өз пәтеріне жету қиын,- дейді мұндағылар. Осы үйден былтыр пәтер кілтін алғанда қуанған Махановтар отбасының үйі өзінікі болғанымен «өлеңі» басқаша.

Әсия Маханова, «Нұрсәт» шағынауданындағы, №218 үйдің тұрғыны : «Қуанышымыз ұзаққа созылған жоқ. Светті кеше ғана қосты. Газ жоқ. Лифт істемейді».

Екі баланың анасы Хилола қабырғадан аққан суды сүртумен әлек. Ылғалдан үй ішінде жағымсыз иіс те пайда болған.

Қалалық құрылыс бөліміндегілер үй былтыр шілде айында тапсырылғанда ешқандай кемшіліктер болмағанын айтады. Және де ол жөнінде тұрғындардан қала әкімдігіне арыз түспеген.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=o6uxOtiDqtE[/youtube]

Еркін Бұхарбаев, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы : «№218 үйдің тұрғындары  бізге шағымданған жоқ. Үй төрайымымен хабарласқан едік, барлығы жақсы деді. Мердігер компания екі жылдағы кепілдік мерзімінде ақаулар орын алса реттейді. Көктем айынан бастап облыс әкімімен кеплідік мерзімі 5 жыл деп бектітілді».

Құрылыс бөліміндегілер тұрғындарға кеңес берумен шектелді: Лифт- тиісті мекемемен келісім шарт түзілген соң жүреді. Газ- тұрғындар толық қоныстанғанда ғана беріледі екен.