Жолға жауапты мекемелер дайын болмай шықты

262

Алматы-Шымкент тасжолының Түлкібас ауданындағы Састөбе елдімекені маңындағы аумағына қар қалың түсіп, кептеліс пайда болды. Мұнда жүк көліктері көк мұзға тайып, қалың қардың үстіне қисайып қалған. Бұл өз кезегінде жолдағы көлік қозғалысын шиеленістіре түсті. Салдарынан тәртіп сақшыларына жолдағы қозғалысты бақылау оңай болған жоқ. Ал ондағы тазалау жұмыстарына жүргізушілердің көңілі толмайды.

Имантай Шакулов, жүргізуші:»Жамбыл облысынан өттім. Мұндай жоқ, жол таза! Түнгі сағат 2-де құм сеуіп жатыр. Ал біз таңғы 5-те келдік. Састөбеде тұрып қалдық. жол тазаланбаған! Жолда грейдер тұр. Оның соляркасы таусылып қалыпты. Жолда тұр тазалай алмай. Одан Түлкібастың ішінде қанша машина жолдан шығып кеткен. Осы жолға қарайтын адам бар ма? Біз көлігіміздің салығын не үшін, кімге төлеп жүрміз?»

rtr

Ұлықбек Артықбаев, Алматы-Шымкент бағытындағы автобус жүргізушісі: «Алматы, Жамбыл облыстарындағы жағдай жақсы. Шымкентке кіргеннен жол нашарлай басталады. Мұнда техника енді шығып жатыр ғой.»

fgf

yu

Иә, облысымыздағы маңызды жолдарға жауапты мекемелер қыстың қырын мінезіне дайын болмаған секілді. Мұны біз емес,жол азабын тартқан жолаушы тасымалдаушы жүргізушілер айтады. Себебі, күні кеше бір Алматыға емес, Шолаққорғанға жету де мүмкін болмапты.

dff 

rtrr

 Ерлан Тоқпанбетов, Шымкент — Шолаққорған бағытындағы көлік жүргізушісі: «Тасжолдың жағдайы нашар. Кеше түстен кейін жібермеді бізді. Бәйдібек ауданының жолын жауып тастады деп. Сонымен қалдық. Қазір келіп жатыр техника. Енді жолға шыққалы тұрмыз.»

Әзірге табиғаттың тосын мінезіне төзе алмаған облысымыздағы 12 мердігер мекеменің бірі де жолдардағы жағдайдан ресми хабар беруге асығар емес. Желтоқсанда «техникамызды түгендеп алдық» деп төтенше жағдайлар департаменті жаһанға жар салған болатын. Күре жолдарда күрек ұстаған құтқарушылардың қарасы да көрінбеді бұл жолы.

Айта кетейік, қыста жолдарды күтіп, таза ұстауға қазынадан 65 миллион теңге бөлінген. Алайда, қомақты қаржы қалталарда қалып қойды ма, кім білсін. Әйтеуір, атқарылған іс мардамсыз. Сондай-ақ, обысымыздағы 5 ауданның аумағында қар жауса, қауіпті аймаққа айналар, ұзындығы 4 мың шақырымнан астам жол бар. Дегенмен сол аймақтарды біле тұра, батып, кептеліп, әлі күнге жан сауғалап жүргеніміз.