Оңтүстік Қазақстан облысының кеденшілері теміржол көлігі арқылы елімізге Пәкістаннан заңсыз әкелінген 3 тонна мандаринды әшкереледі. Кедендік бақылау департаменті мамандарының айтуынша, 27-қаңтар күні республикамызға келген жүк вагондарының үшеуінде ресми құжатта көрсетілмеген жемістер табылыпты.
Бағдат Қырғызалиев, ОҚО КБД контрабанда басқармасының бас анықтаушысы: «Ол вагондардан кедендік декларацияда көрсетілмеген 3 тоннаға жуық мандарин шықты. Оның жалпы бағасы 2 миллионнан аса болып шықты. Бұл фактіге қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 209 бабының 1- тармағымен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.»