Сондай-ақ, төраға қазыналы қарттарға жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектің де санын көбейтуді ұсынды. Ауыл-аймақтағы бастауыш ұйымдарының саны аз деген Жеңісбек Мәуленқұлов 2014 жылы кеңес құрамына кірмей қалған ардагерлерді тіркеу керегін айтты.
VI пленумда қозғалған тақырыптың тағы бірі – Елбасының жолдауын қолдау болды. «Мәңгілік ел» мұратына жету үшін бүгінгі ұрпақты соған сай тәрбиелеуде қазыналы қартқа артылар жүктің ауыр екені айтылды.
Жалпы, еліміздің саясатын қолдап, өркендеуіне байланысты өткен жылы ардагерлер кеңесі 34 пленум, 300-ден аса семинар өткізген. Айта өткен жөн, бүгінгі таңда Оңтүстікте 194 мыңнан астам ардагер өмір сүреді.