Енді тиісті мекенжайға үй кітапшасынсыз тіркелуге болады

280
Мекенжайға тікелу үшін үй кітапшасының қажеті жоқ

Енді мекенжайыңыз бойынша тіркелу немесе тіркеуден шығу үшін бұрынғыдай үй кітапшасы қажет емес. Енді бұл процесті үйден шықпай-ақ интернет арқылы, яғни, электронды үкімет сайты арқылы да жасауға болады. Мамандар тұрғындарға үй кітапшасының қолданыстан алынып тасталғанын түсіндіруден жалықпайды.

Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары тұрғындардың сұрақтарына жауап беруде

Әсіресе, қала іргесінде тұратын ауыл ағайындары үйіндегі бар құжатты тасып, әбігерге түсетіні бар. Шұғыла шағынауданының тұрғыны Жұмаш Егембердиева үй кітапшасының енді қажет емес екенін біліп, разы болғанын жасыра алмады.

Жұмаш Егембердиева: «Келінімді үйге тіркеуге тұрғызайын деп келген едім. Сөйтсем, енді үй кітапшасы қажет емес екен. Тек жеке куәлігі бойынша тіркеді. Істі оңтайландырғандары дұрыс болыпты, бұрын үй кітапшасынсыз еш жерде қабылдайтын еді ғой.»

Азаматтарды құжаттандырумен айналысатын көші-қон полициясы бөлімінің мамандары былтырдан бері мекенжай бойынша тіркелу жеңілдегенін айтады. Енді үй кітапшасына тіркелу және шығуды ғаламтор арқылы да жүзеге асыру мүмкін болып отыр. Ол үшін бар болғаны электронды қолтаңбаңыз және чипі бар жаңа үлгідегі жеке куәлігіңіз болуы қажет.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=LFqgy8B90Tc[/youtube]

Құралай Ибрагимова, Абай аудандық көші-қон полициясы бөлімінің жетекші маманы: «Үй кітапшасы өткен жылдан бері қолданыстан алынды. Оның орнына электронды түрде он минутта мекенжайы бойынша тіркеледі. Тіркеуден шығу да оңтайландырылған. 185 теңге 20 тиын баж салығын төлесе болғаны.»

Бұл қызмет түрінің жеңілдегені, әсіресе, Шымкент қаласының аумағына қосылған елдімекендердің халқы үшін ыңғайлы болмақ.