Зейнет жасына жақындаған азаматтарды жұмыспен қалай қамтимыз? Қазақстанның коммунистік халық партиясының Оңтүстіктегі комитеті осы мәселені көтерген дөңгелек үстел жиынын өткізді.
Егде қызметкерлердің жұмыспен қамтылмауының басты себебін партия өкілдері белең алған капитализмнің кесірінен көреді. Яғни, егде кісілердің жұмыстан шеттеп қалуына жиі жағдайда жеке кәсіпкерліктің тым көптігі ықпал етеді екен.
Осындай фактілерді алға тартқан коммунистер арнайы резалюция толтырып, жоғары жаққа жіберді.
Нұрлан Қадырқұлов, ҚКХП ОҚО комитетінің бірінші хатшысы: «Біздің ұсынысымыз, біріншіден, зейнеткерлікке жақындаған кісілердің жұмысқа үміткер ретінде түйіндеме қорын ашу керек. Екіншіден, арнайы бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру керек. Үшінші, егде жастағы азаматтарды жұмысқа қабылдайтын үкіметтік емес ұйымдардың санын көбейту қажет деп отырмыз.»