Отан қорғаушылар күні тойланды (фото)

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Әл-Фараби атындағы алаңда салтанатты шара өтіп, әскери-патриоттық әндер шырқалды. Сондай-ақ облыс әкімі Асқар Мырзахметов әскери бөлімдердің қызметшілеріне әскери шен мен мемлекеттік наградаларды табыс етті.