Қысқа қамданбайтындар бар

315

Қыс – қыр астында. Қазан айының басында Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің жылу қабылдауға дайындығы тоолық аяқталуы тиіс.

003

Алайда әлі күнге дейін арқаны кеңге салып, асықпай жүргендер бар. Мұны Еңбекші ауданы әкімдігінің мамандары айтып отыр. Аталған аудандағы 12 үйдің тұрғындары бұл күнде жылу-энерго орталығымен келісім-шартқа тұрмаған. Ал ертең қыс ауасында жылу мардымсыз деп дабыл қағатын да осы адамдар болмақ.

Сондықтан, халық қапы қалмай, жылу тарату мекемесімен келісім-шартқа отырып, құбыр жүйесінің ақауын жөндету керек. Жалпы, аудан бойынша бұл күнде 535 үй болса, 385 үй барлық тексеру жұмыстарынан өтіп, қысқа дайын көрінеді.

[youtube]http://youtu.be/XTeGUDNqoWc[/youtube]