үздік жобалар марапатталды

Бүгін «Қазақстанның үздік тауарлары » өңірлік көрме-конкурсы өз мәресіне жетті. Отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған шарада 50-ге жуық кәсіпорын бақ сынады. Озық деп танылған жобалар үш түрлі номинация бойынша анықталды.

үздік жобалар марапатталды
Үздік жобалар марапатталды

Оңтүстіктің ең үздік тауарлары осы көрмеде назарға ұсынылды. Отандық сүт-ет өнімдерінен бастап, өндірістік техника бұйымдарына дейін табылады. Нарықтың үздігі атағын сарапқа салған кәсіпорындар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша анықталды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=CGbXoO6NpPs[/youtube]

Сонымен, халық тұтынатын тауарлар арасынан «Бал текстиль» компаниясының өнімдері үздік деп танылды. Кәсіпорын өнімдері қазір ішкі нарық сұранысын толығымен қанағаттандырып отыр. Кілем тоқу фабрикасы толық қуатқа шыққанда жыл сайын 2 милллион шаршы метрден астам кілем тоқымақ. Егер меже еңсерілсе, отандық кілемдерді шетелдіктер де сатып ала алады.

Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаз жобалар бүгін республикалық көрмеге жолдама алды. Енді олар «Алтын сапа» сыйлығы үшін бәсекеге түседі.