Ұқыпты тұрғындар өз аулаларын гүл бағына айналдыруда

1106

Шымкентте қала әкімдігінің ұйымдастыруымен мамыр айынан бастап «Таза ниетпен — таза қалаға» акциясы бастау алды. Шараға Шымқаланың 11 көшесі мен 54 ауласы қатысуға өтініш берген. Қазір «Нұр Отан» партиясының мүшесі мен ардагерлер кеңесінің төрағасы және бұқаралық ақпарат құралы өкілінен құралған арнайы комиссия үздік деп танылуға үміткер мекенжайларды аралап жүр.

20140806_103110

20140806_103040

Арнайы комиссия мүшелері алдымен аулалар мен көшелердің тазалығына мән береді. Сонымен қатар безендірілуіне де көңіл аудармақ.

20140806_103031

20140806_103131

20140806_103125

20140806_103021

«Таза ниетпен — таза қалаға» акциясына қатысушы аулаларды комиссия мүшелерімен бірге біз де аралай шыққан болатынбыз. Әлия Молдағұлова көшесіндегі № 10 үйдің ауласына келгенде жұпар иісі аңқыған гүлдерді көріп, таң болдық. Тұрғындар «Гүл өсіру ісін қолға алғанымызға 10 жылдан асты. Қазір ауламызда 43 түрлі гүл бар» дейді.

 

20140806_104844

20140806_104917

20140806_104826

20140806_104907

20140806_104854

 

60 пәтерлі үйдің тұрғындары гүл бағына кезекпен күтім жасайды екен. Ауланы қоқыс тастаушылардан ардагерлер қорып отыратын көрінеді. Енді осы көшенің бойындағы № 4 үйдің тұрғындары да көршілеріне еліктеп, гүл егуді қолға алған.

20140806_111332

20140806_111340

20140806_111323

20140806_111403

20140806_111348

Байқасаңыздар, № 4 үйдің тұрғындары бос қалған құтылар мен автокөлік дөңгелектеріне гүл егіп, аулаларын әдемі безендіре білген. Олар осылайша 90-жылдардағы тоқырау кезінде қырқылған ағаштардың өзегін де әжетіне жаратып отыр. «Біздің гүл егуді қолға алғанымызға көп болмады. Көршілерге қарап, қатты әуесіміз келетін. Енді сондай гүл бағын өзіміз де өсіруді мақсат етіп отырмыз дейді» тұрғындар.

20140806_111359

20140806_103509

«Қала әкімдігі бұл шараға қазынадан 3 миллион теңге қарастырды. Акция қарашада қала күніне орай қорытындалатын болады. Жеңімпаз аула тұрғындарына тосын сыйымыз бар. Осылайша бүкіл қала тұрғындарын шаһарды таза ұстауға шақырмақпыз. Мақсатымыз орындалып жатса, нұр үстіне нұр болар еді» дейді Әл Фараби ауданы әкімінің орынбасары Мырзахан Керімбеков.