«Қолжетімді баспана-2020» бағдарла-масының «Жас отбасы» бағытына қатысу үшін кейбір талаптарға сәйкес келу қажет. Ол қандай талаптар? Ендеше біле жүріңіз.
1. Жас ерекшелігі. Өтініш беру кезінде ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 29-дан аспауы тиіс.
2. Ерлі-зайыптылық кезеңі. Өтініш беру сәтінде тіркелген неке кезеңі 2 жылдан кем емес мерзімді құрауы тиіс.
3. Отбасының құрамы. Отбасының құрамына ерлі-зайыптылардың өздері, сондай-ақ олардың кәмелетке толмаған балалары, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың жұмысқа жарамсыз ата-аналары кіреді.
4. Тұрғын үйдің болмауы. «Жас отбасы» бағытына қатысу үшін ерлі-зайыптылардың жеке иелігінде жылжымайтын мүлкі болмауы керек.
5. Табысы. Отбасының ай сайынғы табысы: 55 980 теңгеден кем, 223 920 теңгеден көп болмауы керек.
6. Азаматтық. Бағдарламаға қатысушылар ҚР азаматы немесе оралман мәртебесі болуы тиіс.
Бірінші кезең: Бағдарламаға қатысуға өтініш беру
Егер сіз бағдарламаға қатысу үшін іріктеудің барлық өлшемдері бойынша талапқа сай келсеңіз, онда қатысуға өтінішті батыл бере аласыз.
Құжаттарды қабылдау жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға енгізбестен 6 ай бұрын басталады.
Қажетті құжаттар:
Ерлі-зайыптылардың екеуінің және отбасы мүшелерінің жеке куәліктері;
Кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі;
Өтініш берілетін елді мекенде тұру айғағын растау үшін немесе мекенжай анықтамасы;
Жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы анықтама;
Еңбекақы туралы және зейнетақы аударымдары туралы анықтама;
«Жас отбасы» бағыты бойынша өтініш берушілерді іріктеу
Қатысушыларды тіркеу аяқталғаннан кейін балдық жүйе бойынша өтініш берушілерді іріктеу жүргізіледі. Өтініш берушілер жиналған балдардың неғұрлым көп саны бойынша іріктеледі.
Тіркелген некенің әр жылы үшін – 5 балл;
Бірінші бала үшін – 20 балл, екінші және одан кейінгі баланың әр қайсысы үшін – 30 балл;
Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізімге сәйкес кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарынан зардап шеккен немесе мүгедек болып табылатын отбасының әр мүшесі үшін – 10 балл;
Жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жататын, 29 жасқа толмаған, ата-анасынан кәмелетке толғанша айрылған ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін – 10 балл.
Тұрғын үйді бөлу кезектілігі жиналған балдар санымен анықталады.
Екінші кезең: төлем қабілеттілігі шегінен өту
Жиналған балдар санынан шыға отырып іріктеуден өткен азаматтарға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төлем қабілеттілігін растау үшін жолдама беріледі. Төлем қабілеттілігі расталмаған жағдайда неғұрлым көп балл жинаған жас отбасылар келесі турға іріктелетін болады.
Үшінші кезең: жалға берілетін пәтер
Жоғарыда аталған екі кезеңнен өткеннен кейін тұрғын үй алатын бағдарлама қатысушыларының кезегі қалыптасады. Тұрғын үйді алғаш алатындар қатарына неғұрлым жоғары жұмыс қабілеттілігін растаған және неғұрлым жоғары балл жинаған адамдар кіреді.
Бағдарлама бойынша қарыз шарттары
Қоныстанбас бұрын бағдарлама қатысушысы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жинақ шотын ашады. Оған кезек кезінде ақша жинауға, пәтер үшін төлем енгізуге болады.
Қоныстанбас бұрын 6 есе жалдық төлем мөлшерінде кепілдік жарна енгізу қажет. 8 жыл бойы бағдарлама қатысушысы ұсынылған пәтерде жалдық төлемді, коммуналдық шығындарды төлеп тұрады. Сонымен қатар, жинақ шотында пәтер құнының жартысын жинайды. Аталмыш пәтердің құнынан 50% мөлшеріндегі соманы жинағаннан кейін тұрғын үйді жекешелендіруге болады. Тұрғын үй қарызын өтеу бойынша соңғы 15 жыл үшін төлемдер жылдық 4% ескерумен жүргізіледі. Жалға алуда жинақтарды жинақтау бойынша барлық көзделген төлемдерді уақытылы енгізу қажет. Уақытылы емес жарналар жағдайында жалға алушы салымға жалға алу пәтерінде нақты тұру үшін өтемақы төлемімен жалға алынған пәтерден шығуы тиіс болады.
Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ
«Оңтүстік Рабат», №32, 06.08.2014