Шымкент қаласы бойынша сынға іліккен құрылыс саласында оң істер баршылық. Мысалы, Пушкин атындағы №1 мектеп 1-қыркүйекте оқушыларды қабылдауға дайын.
1970 жылы тұрғызылған білім ошағының ғимараты әбден тозған болатын. Былтыр елу жылдан астам уақыттан бері қолданыста болған мектеп бұзылып, 9 айда 900 орындық білім ошағы бой көтерді. Мектептің құрылысын «Аймар құрылыс» ЖШС жүргізіп, заман талабына сай ғимарат салып берді.
Жалпы сомасы 600 миллион теңгеден астам қаржыға оқушыларға қажеттің бәрі жасалған. Тіпті музыкалық аспаптар да заманауи. Бір жыл бойы өзге мектепке қатынап оқыған оқушылардың қуанышында шек жоқ.
[youtube]http://youtu.be/ew7Y13WSq9Y[/youtube]