Сарыағаш ауданы енді таза өңірлердің қатарына кіруі мүмкін. Өйткені жергілікті билік ауылдағы 26 ауылдық округке 25 санитарлық техника табыс етті. Қоқыстарды жиып-терумен айналысатын бұл тракторлар аудандағы 154 елдімекенге қызмет ететін болады. Айта өткен жөн, бұған дейін Сарыағаш ауданындағы қоқыстарды тазалау мәселесіне мемлекет толық көңіл бөлмеген.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=S1UA9rvCWhY[/youtube]
Бұл жұмыстар үшін мемлекеттік тарапынан сатып алу конкурсы ұйымдастырылғанымен, қоқыстың дұрыс жиналған күні болмапты. Мұндай игі бастамалар қазір облыстың барлық аудан-қалаларында жүргізіліп жатыр дейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.