Шымкенттегі Забадам елдімекенінің тұрғындары ауызсусыз қалды. Жергілікті халықтың айтуынша, 30-40 жыл бойы пайдаланып келген құдықтың суы тартылып кеткен. Бұрын 7-8 метр тереңдіктен шығатын су 11-12 метрге дейін төмендеп кеткен. Көпшілік бұған Бадам өзенінің бойындағы абаттандыру жұмыстары себеп дейді.
Жер асты суының сапасы күмәнді болғанымен, соған үйреніп қалған забадамдық жерлестер тартылған суға жетудің жолын қарастырып бағуда. Бірі тартпалы құдықтарын жаңартып жатса, енді бірі жаңа құдық қазуға кірісіпті. Дегенмен, әлі ешқайсысы жер асты суға жете алмаған.
[youtube]http://youtu.be/SEhPKdv2BGo[/youtube]
Забадамдықтарға сапалы су жүйесі 2010 жылы тартылған. Алайда 300 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған ішкі жүйені қосатын басты магистраль болмағандықтан, құбырлар 4 жылдан бері қараусыз жатыр. Жақында Оңтүстік су магистралінің құрылысы аяқталып, жүйеге су беруге мүмкіндік туындапты. Енді құрылысшылар жер астындағы жарылған құбырларды жамап жатыр.
[youtube]http://youtu.be/n1BBoQZEHYI[/youtube]
Ал әзірге Еңбекші аудандық әкімдігінің мамандары шөлдеген жерлестерімізге су жеткізу жолдарын қарастыруда. Олар арнайы техникамен су тасымалдау жоспарларын жеткізді.
[youtube]http://youtu.be/LGz_pxEmzj4[/youtube]
Қыркүйек айының 15-жұлдызында шулаған бадамдықтарға су береміз деп уәде етті мердігерлер. Алайда көпшіліктің ашу-ызасына шыдамай, мерзімді тағы жақындатып, құбырға су жіберілетін уақыт 27-тамыз болып белгіленді.