Шымкентте бес қабатты үйден құлап, әупірімдеп аман қалған жас бала ауруханадан шығып, үйіне қайтады. Үш жасар Диас өткен апталардың бірінде бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен төмен қарай құлап кеткен болатын.
Құдай сақтағанда бүлдіршін бірінші қабаттағы дүкеннің шатырына құлап, аман қалды. Оқиға орнына клеген құтқарушылар жас баланы төменге алып түсіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырған.
Мамандардың айтуынша, Диастың басы ішінен жарақаттанған. Абырой болғанда қол-аяғы сынбаған. Қазір денесіндегі жарақаттары жазылып қалды дейді дәрігерлер. Мамандар осы орайда ата-аналарды жас балаларға абай болуға шақырады.