Бүгін шымкенттік мұғалім Анжелика Ханды өлтірген жігіттің ісіне байланысты сот тыңдаулары аяқталды. 20 жастағы Тимур Ким кісі өлімі және тонау баптары бойынша жауапқа тартылды.

vlcsnap-2014-08-22-17h46m36s62Сотталушы 18 жыл түрмеге қамалу жазасына кесілді. Ол жазасын қатаң режимде жазасын өтейді. Бұған қоса мал-мүлкі тәркіленеді.

Ал марқұмның туыстары сотталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда, сотталушының адвокаты оның жасын ескеріп, жазасын өтеу уақытын шегеруді ұсынды. Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 1-сәуірінде сотталушы Анжеклика Ханды өз пәтерінде өлтірген болатын.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=1R4bEG3jtL0[/youtube]