Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік көмекті қажет ететін 24 мыңнан астам бала есепте тұрады. Сол бүлдіршіндерді әдеттегідей мектепке дайындау акциясы басталды. Ол үшін жалпы білім қорынан 6250 балаға материалдық көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, осы шараға қатысқан демеушілердің көмегімен 57 миллион теңгеге 5700 бала қажетті оқу құралдарына қол жеткізді. Бұл шара әлі жалғасын табатын болады. Айта кету керек, әлеуметтік көмектен қалаға қосылған жаңа ауданның балалары да құр қалған жоқ.
Бесінші сыныптың оқушысы Нұрайым Ибадуллаева жаңа оқу жылын қуанышпен бастамақ. Себебі оқуға қажетті барлық құрал-сайманы дайын. Тіпті кітаптары да түгел. Назымның ендігі міндеті — тек бестікке оқу. Мұны өзі де жақсы түсінеді.
[youtube]http://youtu.be/lczDLLTVhNQ[/youtube]
Бұл жолы «Мектепке жол» акциясы аясында 270 бала қажетті құрал-жабдық, киім-кешекке қол жеткізді. Қайырымды мекемелердің арасында облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары да бар.Әр кез қауіп-қатердің алдын алып жүретін ағалары ел ертеңі саналатын балалардың болашағына немқұрайлы қарамайтындарын айтады.
[youtube]http://youtu.be/_nJVGYuavtk[/youtube]
Демеушілерден бөлек жыл сайын өтетін бұл шарада бюджет есебінен 6250 балаға материалдық көмек көрсетілді. Қала аумағы кеңейген сайын мектептегі оқушы саны да артып отыр. Мысалы, биылғы жаңа оқу жылына 19 мың бала мектеп партасына отырмақ.
[youtube]http://youtu.be/VoG73WB-JxY[/youtube]
Білім саласына бөлінетін көңіл де, қаржы да жыл сайын өсіп отыр. Оған дәлел — биыл Шымкент қаласында 40 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, жаңа екі білім ошағы қолданысқа берілгелі тұр.