Оңтүстік өрендері Лермонтовтың кешінен жүлделі оралды

294
Байқау женімпаздары

Шымкенттік шығармашылық топ жеңіспен оралды. Анығырақ айтсақ, ақын Михаил Лермонтовтың 200 жылдығының құрмет3не арналған байқауда біздің жерлестеріміз үздік үштікті қорытындылады. Еліміздің талантты жас өнерпаздары қатысқан сайыс Алматы қаласында өтті.

Байқау женімпаздары
Байқау жеңімпаздары

Сахна шымылдығы бұл жолы Михаил Лермонтовтың «Маскарад» драмасымен түрілді. Бірақ, әдеттегідей емес, арнайы хореографиялық нөмір әзірленген. Ал талдықорғандық таланттар сахналаған өнері үшін қасық қағушы әріптестеріне жол беріп, 2-орынды еншіледі.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=IHYtMy0KvP0[/youtube]

Фестивальде Шымкенттегі жексенбілік мектептің шәкірттері де сахнадан көрінді. Жерлестеріміз ақынның 200 жылдық құрметіне орай қолға алынған байқауда 3-орынды жеңіп алды.

Артем Бородулин
Артем Бородулин

Дмитрий Хрущев, «Қазақстандағы орыс мәдени орталығы» ОҚОФ өкілі: «Алматы бізді қуана қарсы алды. Біздің жексенбілік мектептің оқушылары жеңімпаз болды. Оларға Алматы қаласы әкімінің қолы қойылған диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды. Біз бұл жетістікпен мақтана аламыз.»

Ал Артем Бородулин үшін бұл үлкен сахнадағы алғашқы қадамы. Өнерпаз сахна алдында сезген қобалжуын жасырған жоқ. Бірақ оның өзіне деген сенімі сәттілік сыйлады.

Артем Бородулин, жеңімпаз: «Мен үшін ақтық мәреде үштікке ену — үлкен қуаныш. Басында сенген жоқпын. Бәріміз уайымдадық, бірақ бізді 3-орынға лайық деп тапты. Өте қуаныштымын.»

Бұдан бөлек ақын құрметіне арналған тағы да фестиваль өтеді. Бұлқ кеш халықаралық деңгейде қыркүйек айында Мәскеуде болады деп жоспарланыпты. Айтулы шараға Ресейдің сыртқы істер министрлігінің шақыртуымен елімізден 5 өкіл қатыспақ.