Облыс әкімі есеп берді

265

Оңтүстік Қазақстан облысында индустрияландыру бағдарламасы аясында биыл үш мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметов облыстық мәслихаттың кезектен тыс 30-сессиясында айтты.

002

Ағымдағы жылдың алты айында облыстағы кәсіпорындарда 276 миллард теңгенің өнімі өндірілген. Жаңа кәсіпорындардың ашылуы және өндірістің кеңеюі есебінен 5661 жұмыс орны ашылды. Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2014 жылы 41 жобаны іске қосып, 3 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда құны 5,4 миллиард теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылды. Биыл индустриялды аймақта 15 жобаны іске қосу жоспарланған. Жұмыстар кестеге сәйкес атқарылуда. Арнайы экономикалық аймақта 1 жоба іске қосылды. Алты айда 147,4 миллард теңге инвестиция тартылып, 117,2%-ға артты.

Бұл — еліміздегі жоғары көрсеткіштің бірі. Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 68 миллард теңгені құрап, 40%-ға артты деді облыс әкімі. Асқар Исабекұлының айтуынша, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі алғашқы жартыжылдықта жан басына шаққанда 43 000 долларға жеткен.

[youtube]http://youtu.be/rbjVIM5N1Hw[/youtube]

[youtube]http://youtu.be/Qjpa7GANciM[/youtube]

[youtube]http://youtu.be/NGaDyQHaAEI[/youtube]

[youtube]http://youtu.be/uxYyEBTuYSc[/youtube]