Полицейлер қан тапсырды

265

Облыстың полиция қызметкерлері таңертеңнен қан орталығына жиналды. Олар донор болып, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балаларға көмек көрсетпек. Яғни, ауыр жарақат алып, ота жасалғандарға қажетті қан тапсырады. Тәртіп сақшылары осылайша қоғамның өзге де мүшелеріне үлгі боламыз деп отыр.

004

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жыл басынан бері облыста балалардың қатысуымен 425 жол-көлік оқиғасы орын алған. Соның салдарынан 28 бүлдіршін мерт болып, 450 бала түрлі дәрежеде жарақат алды. Жол-патрульдік полициясының испекторлары мен әкімшілік полиция қызметкерлері апатта қан жоғалтқан балғындарға осылайша көмектессек дейді.

[youtube]http://youtu.be/qS0a-orbUKU[/youtube]