Шардаралықтар балық өсіруді қолға алды

Шардара ауданының кәсіпкерлері балықты торлы шарбақта өсіру шаруашылығын қолға алды. Әзірге бірнеше шарбақта бапталып жатқан су жануарларын ауданның кәсіпкерлері Тараз қаласының тұқымбақтарынан 100 грамдық салмақта әкеліп жатыр. Пилоттық жоба ойдағыдай жүзеге асса, мұндағы әрбір шарбақтан жылына 40 тоннаға дейін балық өсіріліп алынбақ.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=VY098uy23Ps[/youtube]

Елімізде жаңадан қолға алынып жатқан бұл технологияның шығыны аз екен. Су қоймасының ортасына орнатылған балық шаруашылығына келесі жылдан бастап мемлекеттен қажетті көмектер берілмек.

Бақытжан Серманизов, кәсіпкер: «150 грамдық шабақты торға көктемде салсақ, күзге дейін оның салмағы 2-2,5 келіге жетеді.  Қазір сазан балықтарын өсіріп жатырмыз. Биылдыққа 50 тоннадай балық өсірсек деген ниетіміз бар».

Шарбақты тор