Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды есеп берді. Қала басшысы үстіміздегі жылдың 6 айында атқарған жұмыстарын облыс әкімі мен депутаттар алдында жіпке тізіп шықты. Алты айда атқарылған тындырымды тірлік те, кеткен кемшілікте бар.
Қала әкімі баяндамасын 2014 жылғы бюджеттен бастады. Кіріс көзі 81 миллиард теңгені құрағаны және бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 21 миллиард теңгеге ұлғайғаны айтылды. Оның ішінде өзіндік кірістің көлемі 38 миллиард теңгені құраса, бюджет шығысы 95 пайызға орындалыпты.
[youtube]http://youtu.be/00NtMgXN16E[/youtube]
Алпыстан астам мәселе бойынша есеп алған Асқар Исабекұлы шаһар әкіміне облыстық басқармалармен бірлесе жұмыс жасау қажеттігін ескерті. Кез келген құрылыстағы түсініспеушілік көбіне мемлекетік сатып алу конкурсынан туындайды деді. Мысалы, тендерді облыстық басқармалар өткізіп, тапсырыс беруші мен қадағалаушы қала әкімдігі тарапынан болады. Соның салдарынан жұмыстар мерзімінде аяқталмайды немесе №46 мектеп пен № 66 балабақша секілді мүлдем басталмайды деп сынап алды.
[youtube]http://youtu.be/L3ZjRfWqC4Q[/youtube]
Қала әкімі ең бірінші кезекте шаһар тазалығына көңіл бөлуі қажет. Соңғы кездері қала тазалығы көңілден шықпай жүр. Сондай-ақ, кәсіпкерліке жарияланған мораторийді жамылғандар жабайы сауданы қыздырып жіберген. Жол жиегін базарға айналдырғандар көп. Елбасының берген тапсырмасын орындау үшін заман талабына сай базарларды ретке келтірудің уақыт жетті.
[youtube]http://youtu.be/USZUCI4nyro[/youtube]
Алты айда атқарылған ауқымды тірлік бар. Кеткен кемшілікте жоқ емес. Осыны ескерген өңір басшысы айтылған ескертпелерді жоюға тапсырма берді. Нәтижесін 9 айдың қорытындысында сараптайтынын жеткізді.