Әйелдер әшекейлерге қызықығып, сатып алуда

Үндінің еш қоспасыз шәйі Шымкентте сатылып жатыр. Ал тек фильмдерден көретін әшекей бұйымдары мен бедерленген ыдыс-аяғын тамашалап қана қоймай, сатып алуға мүмкіндігіңіз бар. Шаһарымызда кезекті рет үнді тауарларының жәрмеңкесі басталды. Сауда-көрме әдеттегідей «Әл Фараби» сауда орталығында таңғы сағат 10:00-ден кешкі 21:00-ге дейін жалғасады.

Әйелдер әшекейлерге қызықығып, сатып алуда
Әйелдер әшекейлерге қызығып, сатып алуда

Мың көркем әшекей бұйымдары

Мұнда мереке жалғасып жатыр. Әсіресе нәзік жанды әйелдер үшін. Мың көркем әшекей бұйымдары мен жарқыраған сарилер алыстан-ақ көздің жауын алады. Бұдан бөлек, жерлестеріміз хош иісті үнді шәйін де қаумалады.

Жәрмеңкеде жерлестерімізді тағы қызықтарған дүние ол – «мехенди». Хнамен денеге сурет салу өнерін үндістандықтар осылай атайды. Бірақ бейнелерді бүгін үнділік емес, қазақтың аруы салды. Гауһар Әсемова мұны Үндістанда жүріп үйренген екен.

Гауһар Әсемова ою-өрнек салып, қаржы тауып отыр
Гауһар Әсемова ою-өрнек салып, қаржы тауып отыр
Үнді өрнегінің әрқайсысын 500 теңгеден бейнелейді
Үнді өрнегінің әрқайсысын салу – 500 теңге

Гауһар Әсемова: «Өрнектерді салуды мен осыдан 5 жыл бұрын үйренгенмін. Әрине, алғашында қиын болды. Кейін өзім үшін үйреніп алдым. Үндістанның мәдениетінен сыр шертетін өрнектердің әрқайсысын қазір 500 теңгеден 1000 теңгеге дейін салып жатырмын. Келушілер көп.»

қолөнер бұйымдары
Қолөнер бұйымдары
Үнді шәйі
Үнді шәйі

Үнді жәрмеңкесінен табиғаттың қоспасыз нәзіктігін сездіретін иіссуды да табасыз. Тіпті косметикалық бұйымдар да осында. Ең бастысы – жиһаздар, қолөнер бұйымдары. Дара, қайталанбайтын үлгілер. Орамалдар мен төсек жапқыштары, көйлек-көншік, жылы шәлілер. Мұнда келушілердің кез келгенінің талғамына сай дүние табылады.

Жиһаздардың барлығы қайталанбайтын дара үлгілер

ағаштан жасалған жиһаздар
Ағаштан жасалған жиһаздар

Арвинд Рай, Үнді жәрмеңкесінің өкілі: «Жыл сайын біз өнімдерді жаңартып, жаңа тауарлар әкелуге тырысамыз. Шымкенттіктер де бізді қуана қарсы алады. Биыл тұтынушыларымыздың қатары анағұрлым артқан. Қаржыны да жақсы тауып жатырмыз.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=B7yY8SXa22s[/youtube]

Үнді тауарларының сауда-көрмесі тамыз айының 31-не дейін «Әл Фараби» сауда орталығында жалғасады. Одан соң еліміздің өзге де қалаларына сапарымызды жалғастырамыз дейді ұйымдастырушылар.