Шымкентте қымбат көлік жанып кетті

746

6-тамыз күні сағат 15:30 шамасында Шымкенттегі Темірлан тасжолының бойында орналасқан «Тұлпар-2030» базарынан өрт шықты. Тілсіз жау негізінен автобөлшектерді саудалайтын базар маңындағы арнайы көлік жөндеу орнындағы машинадан шыққан.


Куәгерлердің айтуынша, көлік жөндеу шеберлері жапондық «Toyota Land Cruiser 200» маркалы көліктің жанармай сорғышын ауыстырып жатқанда, электр жүйесінен өрт шыққан. Бұл кезде қымбат көліктің қожайыны тұлпарын құлттап, базарға кеткен екен.

Соның салдарынан 20 минуттай жанған көлік толық өртеніп кетті. Жөндеу орны орналасқан екі қабатты ғимаратқа әжептәуір шығын келген. Нысанға лап қойған тілсіз жауды шұғыл хабармен келген өрт сөндірушілер ауыздықтапты.