Қазақстан бойынша қымбаттаған жанармай бағасы Шымкенте де келіп жетті. Таңертең түсіру тобымыз қаланы аралап шыққан бензин бағасы өзгермеген еді. Сол бұрынғысынша, 1 литрі 115 теңгеден сатылған. Ал түс қайта қымбаттап шыға келді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=9ghGsD7oU9U[/youtube]

002

003

Түстен кейін Шымкенттегі жанармай бекеттерін аралап шыққанымызда біразында бағаның қымбаттағанын көрдік. Халық кеңінен қолданатын АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 128 теңгеге сатылуда. Кейбірінде әлі бұрынғы баға сақталған. Есесіне АИ-80 және АИ-96 жанармайлары қымбаттапты.