Шымкент қаласының депутаттары қалалықтарды пікір алмасуға шақырады. Мұндағы талқыға түсер тақырып — қала аумағынан құрылатын жаңа ауданның атауы болып отыр.

0012Еске салсақ, ОҚО мәслихатының соңғы сессиясында облыс басшысы Асқар Мырзахметов Шымкентте жаңа ауданның ашылуы мүмкін екенін айтқан болатын. Оның атауын талқылауға байланысты қоғамдық тыңдау 29-тамыз күні сағат 11:00-де қалалық балалар-жасөспірімдер орталығының конференц-залында өтеді. Өз пікіріңізді айтып, ұсыныстарды қолдап, қорғауға мүмкіндігіңіз бар. Жаңа ауданға берілуі мүмкін атаулардың арасында «Астана» және «Сайрам» атаулары бар. Ендеше, өз нұсқаңызды ұсыныңыз!