Түрмедегі әйелдер сұлулық сынына қатысты

Сұлулық байқауына 8 жазасын өтеуші қатысты

Шымкенттегі 167/4 әйелдер түзету мекемесінде ең сұлу, ең өнерлі азаматша анықталды. Жазасын өтеп жатқан 300-ге жуық қыз-келіншек арасында ұйымдастырылған «Сұлулық байқауы — 2014» сайысына 8 үміткер қатысты.

Сұлулық байқауына 8 жазасын өтеуші қатысты

Ардақ Баубекова — сайысқа қатысушылардың ішіндегі ең жасы. Тағдырдың тәлкегімен болар, темір торға 19 жылға тоғытылыпты. Отбасында жеті ағайынды келіншек үйінде қызының күтіп отырғанын айтып қалды. «Сондықтан осындай түрлі жарыстарға қатысып, өзімді жақсы қырымнан танытсам» дейді. Үйіне ертерек қайтуға асық.

Сұлулық байқауына қатысушылар өзін-өзі таныстыру, сән конкурсын өткізу, өнерін ортаға салу және спорттық сайысқа қатысу сынды бірнеше бөлім бойынша бақтарын сынады. Ашық алаңқайда сән үлгісін көрсетіп, өздері туып-өскен өлкесінің тарихы туралы айтып берді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=eZbrRrfhiMA[/youtube]

«Бұл шара жазасын өтеушілердің тәртібін түзеуге арналған. Қоғамның назарын аудару да — басты мақсат. Мұндағы азаматшалар шетінен өнерлі» дейді 167/4 түзету мекемесінің бастығы Айдар Нұрсейітов.

Қазылар алқасының шешімімін сұлулық байқауының жеңімпазы болып Ардақ Баубекова атанды. Жеңімпаздарға тұрмысқа қажетті сыйлықтармен қатар музыкалық құралдар тарту етілді.

Бауқаудың жеңімпазы Ардақ Баубекова
Бауқаудың жеңімпазы — Ардақ Баубекова

Айта өтейік, түзету мекемесінде бүгінде 300-ге тарта азаматша жазасын өтеп жатыр. Олардың 9-ы — Оңтүстік өңірден. Көбісі Маңғыстау, Павлодар мен Қарағанды, Орал қалаларынан жеткізілгендер. Олардың 10 пайызын жастар құрайды және дені қылмыстың ең ауыр түрі бойынша жазасын өтеп жатқандар.

ӘЙелдер колониясында  300-ге жуық азаматша бар
Байқаудың көрермендері аз болған жоқ