Шымкентте жарылғыш затына байланысты кезекті келеңсізідк орын алды. Сенбі күні «Динара» түнгі клубына келгендердің шырқы бұзылды.
Түнгі сағат 00:40-тар шамасында белгісіз біреу полицияға хабарласып, нысанға жарылғыш зат қойылғаны туралы айтқан. Осы хабардан соң оқиға орнына тез арада шұғыл қызметкерлер, тәртіп сақшылары мен саперлар, өрт сөндірушілер жиналды. Клуб ішіндегі адамдардың барлығы қауіпсіз жерге шығарылды. Саперлер нысанды толығымен тексеріп шығып, жарылғыш заттың жоқ екенін анықтады. Қазіргі таңда жалған ақпарат таратып, жұртты дүрліктірген адам іздестіріліп жатыр.
[youtube]http://youtu.be/Ozg6Y4_qYCc[/youtube]