Төрт баланың анасы несиесінен қалай құтылады?

395

Төрт баланың анасы Луиза Жаманқұлова 2006 жылы банктен 2 миллион 900 мың теңге несие алып, баспаналы болған. Сөйтіп 3 жылдан соң аяғы ауырлап, жұмысынан бала күтімі демалысына шығыпты. Алайда, өзі қызмет еткен компания оны қайта қабылдамай, салдарынан ай сайынғы несиені төлеуге шамасы келмей қалыпты. Енді, міне, банк күміс алқа иесін сотқа беріп, жекеменшік сот орындаушылары жұмыссыз әйелдің үйін сатуға шығарған көрінеді.

vlcsnap-2014-08-14-16h38m18s212

Луиза Жаманқұлова, борышкер: «Мен алғанда ол үй 4 миллион теңге тұрған. Ал олар қазір 3 миллион 700 теңге деп тұр. Яғни, 21 мың доллар. Енді қазір инфлияция болып, баға көтерілді ғой. Ондай баға жоқ үйлерге. Қазір жердің өзі сондай тұрады. Сол мәселені айтсам, олар көнбей тұр…»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=SmzaTlLQKN8[/youtube]

Қазіргі таңда Луиза Жұманованың банк алдындағы берешегі 2 миллион теңгеден асады. Себебі, қаржыгерлер үстеме ақыны тым көбейтіп жіберген дейді ол. Бұл жәйттен хабардар болған билік партиясының өкілдері мәселені шешуге қауқарсыз екенін айтады.

vlcsnap-2014-08-14-16h36m42s33

Қалыйма Жантөреева, «Нұр Отан» партиясының ОҚО филиалы төрағасының орынбасары: «Бірінші үстеме ақыны төлеп отыра бересіз. Сіздің негізгі қарызыңыз ешқашан өтелмейді оңайлықпен. Көп банктер солай жасайды. Негізі осы банктерге қарсы кеңес беру керек. Азаматтарға қарсы жұмыс істейді. Дұрыс емес ол…»

vlcsnap-2014-08-14-16h35m47s67

Еркінжан Үмбет, «Нұрбанк» АҚ Шымкент қаласындағы филиалының шағын және орта бизнес клиенттерімен жұмыс істеу жөніндегі бөлім бастығы: «Банктер азаматтарға қарсы жұмыс істейді дегеніңізбен келіспеймін. Ол жерде шешімді несие алушының өзі қабылдайды. Біз ұсынамыз міндетті түрде. Мен сізге айтып түсіндірейін, ең бірінші кездегі сомасы аздау болады. Біздегі адамдар ертеңін ойламайды. Бүгінгі күнмен жүреді.»

vlcsnap-2014-08-14-16h38m52s64

Түрлі пікірлер айтылған ашық есік күні тартысты өтті. Несие беруші мен алушылардың өз уәжі бар. Қаржыгерлердің айтары «Қыс қамыңды жаз ойлаға» саяды.