Тауға қыдырғандар адасып кетті (видео)

284

Оңтүстік Қазақстан облысының тауларында туристер адасып қалды. Бұл оқиға Төле би ауданында орын алған. Екі қыз бен бір жігіт Біркөлік шатқалына қыдырып барады. Кеш қарайғанда таудың басына шыққан үшеуі қайтып төмен түсе алмай қалыпты.

Жолдары болғанда ұялы телефон байланысы істеп тұрған. Адасқандар 103 нөміріне хабаралсып көмек сұрайды. Қоыңырау жергілікті өрт сөндіру бөлімінің кезекшілеріне түскен. Олар Шымкенттегі құтқару жасағына хабар береді.

Таңғы сағат 5 болмай жатып, құрамында 5 маманы бар құтқару жасағы оқиға орнына аттанады. Олар таудың етегіне сағат 06:30-да жетіп, іздестіру жұмысын бастайды.

Құтқарушы адасқандарды іздеп отыр
Құтқарушы адасқандарды іздеп отыр

Арада бір сағатқа жетер-жетпес уақыт өткенде 1500 метр биіктіктен үш адам табылды. Олар — адасып кеткен жастар екен. Сағат 7-ден асып, таң атқан шақта құтқарушылар жастарды таудың етегіне алып түсті. Абырой болғанда туристердің дені-қарны сау. Осылайша барлығы сәтті аяқталды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=FHyUjSmk7nk[/youtube]

Мұндай келеңсізідктерге тап болмас үшін құтқарушылар білмейтін жерге қыдырмауды сұранады. Ал егер сіз сонда да табиғат аясына шығатын болсаңыз, 54-93-04 телефонына хабарласып, жүретін бағытыңызды, уақытыңыз бен адам санын айтып кетіңіз. Сонда, егер келеңсіз жағдай орын алғанда құтқарушылардың іздеуіне де оңай болады.

002