Таяуда Шымкентте түн ішінде ауыр қылмыс орын алды. МЖК аталып кеткен ауданда жас жігітті белгісіз біреулер ауыр соққыға жыққан.
Жергілікті екі тұрғын дүкенге келе жатып, жолдың шетінен ыңырсыған дауыс естиді. Қолшамдарын жағып, қараса, өлімші болып соққы жеген жас жігіт жатыр. Куәгерлер дереу полицияға хабар береді. Оқиға орнына 1-ротаның кезекші экипажы тез арада жетті.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Wu7yac0nP7Y[/youtube]
Жәбірленушінің жасы — шамамен 20-25 аралығында. Басы үш жерден жарылған. Бет-аузы қан-қан. Жағы сынған болуы мүмкін. Өзі әрең демалып жатыр. Жолдың үстіне қолының қан іздері қалып қойған. Полиция қызметкерлері хабар берген жедел жәрдем дәрігерлері оқиға орнына көп ұзамай келіп, зардап шеккен жігітке алғашқы көмек көрсете бастады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=oTmaodx6CVg[/youtube]
Дәрігерлер жәбірленушіні ауруханаға алып кетті. Қазір полиция қызметкерлері бұзақыларды іздестіріп жатыр.