Жауапты мамандар: «Мүгедектерді жұмыспен қамту туралы ақпараттар шындыққа жанаспайды»

311

Шымкенттің әлеуметтік сала қызметкерлері жұмыспен қамтылған мүгедектер туралы ақпараттар шындыққа жанаспайды деп мәлімдеп, баспасөз жиынын өткізді. Айта кетейік, бақылау және әлеуметтің қорғау департаментінің өткен аптадағы басқосуында мүмкіндігі шекетулі азаматтарды жұмыспен қамтуға байланысты бірқатар ақпарлар таратылған болатын.

002

Нақты айтқанда, департамент қызметкерлері тексеру кезінде 9 мүгедектің түрлі жағдаймен қайтыс болып кетсе де жұмыс істейтіндердің тізімінен түспегені анықтаған. Алайда, әлеуметтік сала қызметкерлері мұны жоққа шығарып отыр.

Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің мамандары ақыл-есінен айрылған 8 адамға әлеуемттік сала мамандары жалған құжат әзірлеп, жалақы бөлдіріп келгенін анықтадық деген болатын. Ал жауаптылар жұмысқа қабылданған мүгедек жандардың барлығы да толық медициналық тексеруден өткен деп отыр.

9 мүгедек түрлі жағдаймен қайтыс болып кетсе де жұмыс істейтіндердің тізімінен түспеген. Тиісінше оларға мемлекет тарапынан ай сайын жалақы төленіп келген дерек те теріске шығарылды. Әлеуметтік сала өкілдері «Бір ғана мүгедек қайтыс болуына байланысты бағдарламаға қатысуын тоқтатқан. Қалған сегізі бүгінде жұмысын жалғастырып жатыр» дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=YI2VesHoyLU[/youtube]

Алайда, мүгедектердің жұмыспен қамтылуына қатысты сол ақпарларды тілшілерге таратқан бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы бүгінгі жиынға келген жоқ. Ал тексерулердің құзырлы министрліктің тапсырмасымен жүргізілгенін айтқан бөлім басшысының жауабы солқылдақ шықты. Ақпаратты журналистер ушықтырып отыр деген Төрехан Дауытов, тіпті, басқосуда оқылған баяндамадағы фактілерді де жоққа шығарумен болды.

Сонымен, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Білдей бір әлеуметтік қорғау саласын бақылайтын департаменттің деректері теріс деп танылды. Мүгедектер мүддесі қалай қорғалуда деген сауал тағы басы ашық күйінде қалды.