Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі

429
Мемлекеттік және өзге тде тілдердің құрметіне арналған баяндамалар оқылды

22-қыркүйек — Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі күні. Осыған орай облысымызда «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» тақырыбында республикалық форум өтті. Іс-шараға өзге де облыстардан арнайы қонақтар шақырылған. Және жиынға біздің өңірдегі мәдени ұлттық орталықтың мүшелері мен мемлекеттік қызметкерлер және тілшілер қатысты.

Мемлекеттік және өзге тде тілдердің құрметіне арналған баяндамалар оқылды

Жиналғандар мемлекеттік тілдің мәртебесін айтып, баяндамалар оқыды. Мерекеде өзге ұлт өкілдері өз ана тілдеріне деген құрметін ортаға шығып, мақтана жеткізуге мүмкіндік алды.

Мерекелік ән айтылып, би нөмірлері ұсынылды
Мерекелік ән айтылып, би биленді
Форум қонақтары еліміздің өзге де өңірлерінен келген
Форум қонақтары еліміздің өзге де өңірлерінен келген

Балқия Көмекбаева, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы: «Біздің облыста өзге ұлт өкілдеріне бар жағдай жасалған. Олардың дәстүрінің, тілінің дамуы үшін де көптеген бастамалар жүзеге асты. Мәселен, өңірімізде 22 мәдени ұлттық орталық жұмыс жасайды. Олардың жанынан жексенбілік мектептер де ашылған. Мұнда олар өз тілдерінде әліпби танып, оны дамыту жолында еңбек етеді. Өзге ұлттар көп шоғырларған мектептерде де өздерінің тілдерін меңгеруі үшін тегін сабақтар өтіледі.»

Форумда патриоттық әндер шырқалып, жиналғандарды мерекелік әсерге бөледі. Өңіріміздегі ұлттар мен ұлыстар өздерінің халқының өткені мен бүгінінен сыр шертер тарихи жәдігерлерді де көпшілік назарына ұсынды. Айта кетейік, бүгінде бір ғана Оңтүстік қазақстан облысында 106 ұлт өкілінің 740 мыңға жуық халқы шоғырланған. Оның 69 пайыздан астамы мемлекеттік тілді меңгеріпті.