Шымкент қаласында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Негізгі көшелерде жылу берушілер жол қазып, ескірген құбырларды алмастыруда.

001

Жылу саласының мамандары күні кеше ғана Қайрат Рысқұлбеков көшесіндеші тозығы жеткен құбырларды алмастырды. «3-Энергоорталық» АҚ бас ұстасы Шухрат Анарметовтың мәлімдеуінше, қазылған жолды өз есептерінен қалпына келтіреді.

Энергорталық қаладағы тозығы жеткен бірқатар магистральді құбырларды жаңалады. Сапалы жылу беруге бағытталған іс-шаралар жалғасын табады. Алайда проблемалар да жеткілікті. Бұл жөнінде орталық басшылығы жақында өткен қоғамдық тыңдауда жария етті. Қызмет құнына тұрақты болып келген бұл орталық та бағаны көтермесек тақырға отыратын түріміз бар дейді. Қазірдің өзінде мекеменің шығыны 5 млрд теңгеден асып жығылады. Көгілдір газ бағасының 25 пайызға бір-ақ өскені де орталық үшін тиімсіз болып тұр. Себебі жылыту маусымына дайындық жүргізіп жатқанда бағаны өзгертпесе, жөндеу жұмыстарының шығынын өтей алмайды екен.

[youtube]http://youtu.be/5hQF3ls-7SM[/youtube]

Жылу ақысына қарызы бар тұтынушылардың бүгінге дейінгі борышының көлемі 600 миллион теңгеден асып жығылады. Осы уақытқа дейін мекеме 200 миллион теңгені сот арқылы қайтарған. Егер тағы баға көтерілсе, төлемдерді жинау тіпті қиындай түспек. Мұны үй төрайымдары айтып отыр.

[youtube]http://youtu.be/gbP5IbgloRs[/youtube]

Қалай болғанда да қыс жақындап қалды. Сондықтан жылу ақысына қарызыңыз болса, өтегеніңіз абзал. Төлемдер неғұрлым мерзімінде жасалса, ескірген жүйелер жоспарлы түрде жаңаланады дейді мамандар.