Шымкенттегі Әл Фараби аудандық әкімдігіне қарасты көпқабатты үйлер жылу беру маусымына сақадай сай. Ауданда 800-ге жуық көпқабатты үй болса, соның 649-ы жылу жүйелерін жаңартып, қысқы дайындық жұмыстарын аяқтаған.
Айта кету керек, көпқабатты үйлердің жылу құбырларын қысқа дайындау жұмыстарын «Жылкомхоз» ЖШС жүргізген. Мердігер компаниямен тұрғындар келісім жасасып, жылу маусымына сәуір айынан бастап қамданған екен. Ал тағы да 104 үйдің тұрғындары өз күштерімен керек-жарақтарды ауыстырып, құбырларын сығымдаудан өткізген.
Алты ай жылу маусымы кезінде проблемадан көз ашпайтын Терешкова көшесіндегі №18 үйдің тұрғындары да биыл ертерек жылу жүйелерін жаңартуды көздепті. Жұмыс қарқынды, тек сапалы аяқталса болғаны деп отыр. Ал Әл Фараби ауданы әкімінің орынбасары 1- қазанға дейін қысқа дайындық жұмыстары толық аяқталатынын жеткізді.
Естебек Шардарбеков, !л Фараби ауданы әкімінің орынбасары: «Арнайы жоспарға сәйкес барлық дайындық жұмыстары 1-қазанға дейін аяқталады. Аудан бойынша барлық көпқабатты үйлер жылу алуға дайын.»